Жарияланған күні: 21.10.2020 15:28
Өзгертілген күні: 21.10.2020 15:28

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 208 бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Салық төлеушінін жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.

Салық төлеушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

Салық төлеушілер құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды мемлекеттік кірістер органдарына курьер қызметі арқылы жолдайды.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде Салық төлеушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияға арқылы көрсеткен кезде өтініштерді және құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Салық төлеушіні қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, мемлекеттік кірістер органдары салық есептілігін қабылдаудан бас тартады.