Жарияланған күні: 03.03.2016 12:47
Өзгертілген күні: 03.03.2016 12:48

Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімінін артықшылығы

 

         2015 жылғы 13 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен Қазақстан Республиканың «Оңалту және банкроттық туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

         Енгізілген өзгертулер, Ұлт Жоспары - 100 қадамнан туратын бес институционалдық реформаларды іске асыру, сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мақсатында қабылданған.

         Аталған енгізулер, бизнесты, жұмыс орындарды және салық салу базасын сақтауға ықпал етіп, оңалту және банкроттық рәсімдерінің мерзімдерін қысқартады.

         Сондай-ақ, бизнесты сақтауға бағытталған өзгертулердің ішінде, борышкерді банкрот деп тану және оңалту рәсімін қолдану алдында, төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қарастырылған.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жаңа «Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі» - атты 2-1 тарауымен толықтырылып, борышкер мен кредитор арасында төлем қабілетсіздікті реттеу туралы келісім жасасу негізінде, төлем қабілетсіздікті реттеу механизмін қолдану шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Төлем қабілетсіздігі белгілері орын алған жағдайда, борышкер өзін банкрот деп жарияламай, төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

         Сот, борышкердің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы өтінішін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін шығарады:
          1)төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы;
          2) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолданудан бас тарту туралы.

Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі дереу орындалуға жатады.

Борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, келесідей салдар туындайды:
          1) борышкердің барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады;

2) кредиторға (кредиторларға) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасу кезеңінде, борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынады;

3) борышкерге мүлікті (активтерді) иеліктен шығару бойынша қандай да бір мәмілелер жасасуға тыйым салынады.

Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасуға міндетті.

Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім:
      1) борышкер міндеттемелерінің орындалуын кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;

2) борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беру;

3) борышты толық немесе ішінара кешіру;

4) тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептен шығару;

5) алынған кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы мөлшерін азайту;

6)кредитордың (кредиторлардың) талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру шарттарымен жасалуы мүмкін.

Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарға әкеледі:

1) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу және сыйақы (мүдде) тоқтатылады;

2) борышкердің шоттары бойынша мемлекеттік органдар қойған барлық шектеулер, оларды қойған тиісті органдардың шешім қабылдауынсыз алып тасталады;

3) төлеу мерзімі төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешімдерін орындау тоқтатылады;
       4) борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салуға және оның мүлкіне билік етуге өзге де шектеулер қоюға, мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алуды талап ету туралы борышкерге қойылған талап қоюлар бойынша ғана жол беріледі.

Сөйтіп, жаңа құрастылырған механизм, сотқа дейін, жұмысшыларға – жұмыс орындарын, бизнемендерге – өз кәсіпорнын, ал мемлекетке келешекте бюджетке  түсетін төлемдерді сақтап қалуға мүмкіншілік тудырады.