Жарияланған күні: 21.10.2015 12:06
Өзгертілген күні: 15.05.2018 16:36

Online режімімен, яғни деректерді беру функциясымен

БКМ қолданудың жаңа тәртібі

 

         2015 жылдың 1 шілдесінен бастап салық заңнамасының 645 бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес жанармай (авиациялықтан басқа), дизель отыны, алкогольдік өнімдерді көтерме және ( немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыруға, жалпы қолданылатын телекоммуникация желілерінің жоқ жерлерінде іс жүргізетін салық төлеушiлердi қоспағанда, онлайнымен яғни деректерді беру режімімен БКМ қолдануға салық төлеушілерді міндеттейтін талап күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы №1393  Қаулысына сәйкес фискалдық деректердің операторы болып «Казақтелеком» АҚ бекітілді.

Бұл жүйенің жұмыс істеу принципі келесідей: салық төлеушінің тауар үшін алған қолма-қол ақша сомасы БКМ енгізіледі. БКМ-дағы деректер  онлайн режімінде фискалдық деректер оператордың серверіне жіберіледі, онда қалыптастырылған бақылау түбіршегіне бірегей нөмір беріледі, осыдан кейін бақылау түбіршегі басылып, сатып алушыға беріледі

БКМ қолданудың жаңа тәртібіне ауысу үшін, келесі қажет:

Ø    Техникалық қызмет көрсету орталығында деректерді беру функциясымен БКМ-сын сатып алу;

Ø    www.oofd.kz веб-ресурсы порталынан ФДО-мен келісім-шартты жүктеп, оны басып қол қойдыру және мөрмен растау;

Ø    Қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарында өтінім беріп, БКМ-ның тіркеу картасын алу;

Ø    Мемлекеттік кірістер органдарында, яғни жоғарыда көрсетілген порталда БКМ-сын тіркегеннен кейін,  ID БКМ және токен алып, оны авторизациялау қажет.

БКМ-ның мемлекеттік тізіліміне БКМ-ларының келесі  моделдері енгізілген:

1.  ПОРТ МР55-В ФКZ, ОФД версиясы

2.  ПОРТ DPG-25 ФKZ

3.  ПОРТ DPG-60 ФКZ

4.  ПОРТ DPG-300 ФКZ

5.  ПОРТ DPG-1000 ФКZ

6.  Pax S80 Nord Online KZ

         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылдың 25 қыркүйегіндегі №495 Бұйрығына сәйкес мемлекеттік тізілімге қосымша тағы  БКМ-ның жаңа 11 моделдері қосылды:

1.YARUS-TK-ON-KZ

2. ПОРТ DPG-35 ФКZ  ломбард және шыны ыдыстарын қабылдау нүктелері үшін

3.ЭКР 2102 ФКZ (Online KZ версиясы)

4.Миника 1102 ФКZ (Online KZ версиясы)

5.Меркурий-115 ФКZ (Online KZ версиясы)

6.Штрих-MPAY-К-КZ

7.IККМ-Light- КZ

8. IККМ-Louch- КZ

9. IККМ-standart- КZ

10. Штрих-mobile- ККМ-КZ

11. YARUS TK KZ Online ОФД

 

Тағыда айта кететін жай, бақылау-кассалық машиналарының ресейлік өндіруші-зауыттарының «Вайя-КА» компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдерінің   ақпараты бойынша ресейлік компаниялары «Инкотекс» ООО және «Счетмаш» ААҚ 6 БКМ-на жаңалау жұмыстарын енгізуді дайындады («Меркурий 115ФKZ» БКМ, «Меркурий 130ФKZ» БКМ, «Меркурий 180ФKZ» БКМ и ФР «Меркурий 114.1» БКМ) («Мимика 1102» БКМ, «ЭКР 2102» БКМ). Қазіргі таңда, бұл аппараттар Әділет Министрлігімен келісім алу үстінде.

Салық төлеушілерге, оnline режімімен, яғни деректерді беру функциясымен БКМ қолданудың жаңа тәртібін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.  Жалпы 62 семинар жүргізіліп, 236 мақала мен хабарландыру облыстық және қалалық газеттерінде, ақпараттық қабырғаларында, буклеттерінде, парақшаларында, билбордтарында және ғаламтор-ресурстары арқылы жарияланды. Сонымен қатар, жанармай, дизель отыны, алкогольдік өнімдерді көтерме және ( немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілер жаңадан енгізілген өзгерістер туралы хат арқылы хабардар болды.

2015 жылдың 1 қазанында облысымыздың аумағында оnline режімімен, яғни деректерді беру функциясымен БКМ-ын міндетті түрде қолданатын барлығы  3 569 салық төлеуші тіркелді. Бүгінгі күні 922 салық төлеуші 1 066 деректерді беру функциясымен  БКМ-рын есепке қойды.

       

Облыс бойынша қызмет көрсету орталықтарының тізімі

№ п/п

Аудан

ҚКО атауы

ЖСН/БСН

Мекен-жай/контактілер

1

Сарканд ауданы

«Арена» ҚКО

800314302962

Сарканд қ-сы, Тауелсыздык көш., 100

2

Іле ауданы

"Техцентр "Сервис Плюс" ЖШС

030340008912

Өтеген Батыр ауылы, ТИТОВА көш, 9а үй

3

Талдықорған қ-сы

"Сервисно-производственного объединения "ОКА" ЖШС-нің Талдықорғандық филиалы

000941004208

Талдықорған қ-сы, Шевченко көш, 129 үй, 38 пәтер,  телефон 24-80-05

"Элькам" ЖШС

020940002953

Талдықорған қ-сы, Шевченко көш, 130 үй, 18 пәтер, телефон 24-62-48

"@SOFT" ЖШС-нің филиалы

092200245191

Талдықорған қ-сы, Жансугурова көш, 114 үй, 40 пәтер  (офис) 240052

4

Талғар ауданы

"САМБАК" ЖШС

031140004866

Талғар қ-сы, РЫСКУЛОВА көш, 72 үй

5

Енбекшіқазақ ауданы

Мусаев Асыл Джетинович ҚКО

661220301310

Есік қ-сы, Алтын адам аллеясы көш, 153 үй сот.тел.87015706010, жұм.тел.7-50-69

Тибейкин Виталий Николаевич ҚКО

820516301778

Есік қ-сы, Алтын адам аллеясы көш, нөмірсіз үй, сот.тел.87714944844, 87021088766, 87776405351

6

Қапшағай қ-сы

ЖАНА ҒАСЫР ЖК

851018303218

Алматы облысы,  Капшағай қ-сы, Микрорайон 1, 41 үй,  24 пәтер, 87775497411

7

Қаратал ауданы

"Капитал" ЖК

811107401404

Үштобе қ-сі , Аблайхана көш 14 үй,  3-28-23

8

Панфилов ауданы

"ТАН-СЕРВИС" ЖШС

980540002303

Алматы облысы, Панфилов ауд.,  Жаркент қ-сы, Лутфуллина көш, 25-1 үй, тел 8(72831)5-25-72

 

Толық ақпарат алу үшін, қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарына немесе «Казақтелеком» АҚ-на 59-00-51 телефоны арқылы хабарласу қажет. Сонымен қатар, фискалдық деректердің операторы www.oofd.kz  порталында барлық қажетті ақпараттармен қамтылған  (ҚР бойынша қоңырау шалу ақысыз түрде).