Жарияланған күні: 14.01.2016 12:01
Өзгертілген күні: 14.01.2016 12:02

Жария ету мерзімі ұзартылды, бұл жалпы декларациялау алдындағы соңғы мүмкіндік

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашада № 400-V Заңына қол қойылды, мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін ұзартылды.

Сонымен бірге, Заң оны жүзеге асыру тәртібіне жаңа көзқарастар анықтады.

1.     Ақшаны жария ету тәртібі толық оңайлатылды.

Енді ақшаны екі әдіспен заңдастыруға болады:

Біріншісі: Оларды банк есебі арқылы көрсетіп, өз қажеттілігіңізге жұмсауға болады, мысалы: бизнеске салуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға және т.б., және де шоттан жай шешіп алуға болады. Бұның бәрі 10% алымды төлемей ақ жүргізіледі.

Екінші әдіс: Шет елдегі ақшаны немесе қолма қол айналыстағы ақшаны банк есебіне салмай-ақ жария ету. Бірақ бұл жағдайда 10% алым бюджетке төленеді.

Екі әдіс кезінде де жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органдарына ҚР Қаржы министрінің 2015 жылдың 27-ші қарашадағы №593 Бұйрығымен бекітілген сәйкес декларацияны тапсырады.

2.     Мүлікті жария ету тәртібі де елеулі түрде оңайлатылды.

Лайықты түрде ресімделген, Қазақстан аймағында орналасқан мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына сәйкес декларацияны және сәйкес құжаттарды тапсыру ғана жеткілікті. Бұл шет елде орналасқан мүлікке де қатысты, бірақ мүлік құнынан 10% алымды төлеу қажет.

Жария ету субъектісі әкімшілікте орналасқан комиссияға тек Қазақстан аумағына орналасқан, лайықты түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлік бойынша ғана жүгінеді.