Жарияланған күні: 14.12.2015 14:43
Өзгертілген күні: 14.12.2015 14:45

«Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментімен көлеңкелі экономикаға қарсы және салықтарды төлеуден жалтару бойынша жүргізіліп жатқан шаралар»

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментімен көлеңкелі экономикаға қарсы және салықтарды төлеуден жалтару бойынша жол полициясы органдарымен бірге кәсіпкерлік қызметпен мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз айналысу және есептелмеген тауарларды соның ішінде ЕАЭҚ елдерінен әкелінетін акцизделетін тауарларды жөнелтпе жүкқұжатсыз тасымалдау фактілерін анықтау бойынша шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Ішкі Істер Департаментінің Әкімшілік полициясы басқармасының қатысуымен Ұзынағаш ауылы, 59 км мекен-жайындағы «Ақтерек» тұрақты бекетінде кезек жүргізілуде, бұл жерде 775 СЕА/08 және Н 668 NLM мемлекеттік нөмірімен «Камаз» көлік құралдары тоқтатылып, олармен көлемі 20 тонна құрғақ жемістер, 10 тонна шомыр( редька) Қырғыз Республикасынан кіргізілгені анықталды.

Тексерудің нәтижесінде, тауарларға жөнелтпе жүкқұжаттары жоқ екені, тек мемлекеттік шекараны өту туралы талондар ғана бары анықталды. Жүргізушінің сөздеріне қарағанда, олар тауарларды «Алтын Орда» базарында сату үшін әкеледі. Нарықтық бағаммен тауарлардың жалпы бағасы шамамен 10 млн. теңгені құрады. Осы құқық бұзушылықтардың нәтижесінде тек осы екі машинамен бюджетке келтірілген импортқа ҚҚС төлемеу түріндегі зауал 1,2 млн. теңгені құрайды.

Сонымен бірге, жүргізілген шаралардың нәтижесінде, бізбен алкогольдік өнімдерді және мұнай өнімдерін жөнелтпе жүкқұжатсыз тасымалдау фактілері анықталды, атап айтқанда:

- алкогольдік өнімдер 42 192 бөтелке;

- 30 тонн спирт;

- 45,3 тонн бензин және дизельдік отын

Жоғарыда көрсетілген осы құқық бұзушылықтар бизнестің дамуына жағымсыз әсер етуде, жосықсыз бәсекені құрылуда және мемлекеттің экономикалық мүдделерін әсер етуде.

Аталған шаралармен қатар бізбен салық есебіне қою және салықтарды төлеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Салық төлеушілерге жаднамалар және ақпараттық буклеттер таратылуда.