Жарияланған күні: 21.10.2015 12:36
Өзгертілген күні: 21.10.2015 12:37

Мемлекеттік органдары лаузымды адаамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

 

Салық төлеушiнің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығы бар.

Салық органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасалады.

Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды.

Осы тараудың қағидалары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы істер бойынша арыздар сотта қаралуға жатпайды.

Арыз сотқа Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі. Қаралуы аудандық соттардың соттылығына жатқызылған арыздар азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің тұрған жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.