Жарияланған күні: 12.09.2019 11:31
Өзгертілген күні: 12.09.2019 11:42

Жалпыға бірдей декларациялау

Құрметті салық төлеушілер!

 

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында Жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.

Бұл бөлімде заңнамалық базамен, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысаны және оны жасау қағидаларымен танысуға, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтарға жауап алуға болады.

Бұдан басқа, E-gov.kz «Электрондық үкімет порталында», жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы алдын ала толтырылған Декларацияны электронды түрде ұсыну үшін функционал жүзеге асырылғанын хабарлаймызі.

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделгенін ескере отырып, бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейді.

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін осы сервисте декларацияны табыс ету міндетті болып табылмайды, осыған байланысты пайдаланушының оны ұсыну нəтижелері бойынша жауапкершілігі туындамайды.

Ұсыныстарды vnd@mgd.kz электрондық мекен-жайына жолдалуға болады.

 

 

Жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшу

Сұрақ-жауаптар

Всеобщее декларирование доходов и имущества физических лиц

 "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Бұйрық

E-gov.kz ЭҮП арқылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны қабылдау