373-бап. Жер салығын төлеушілер.
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке
және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте
пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу
мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы
жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы
ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeуi, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер
учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып
жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер
учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер
учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с №
|
Елді мекеннің санаты
|
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) |
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Қалалар: |
|
|
1. |
Алматы |
28,95 |
0,96 |
2. |
Астана |
19,30 |
0,96 |
3. |
Ақтау |
9,65 |
0,58 |
4. |
Ақтөбе |
6,75 |
0,58 |
5. |
Атырау |
8,20 |
0,58 |
6. |
Қарағанды |
9,65 |
0,58 |
7. |
Қызылорда |
8,68 |
0,58 |
8. |
Көкшетау |
5,79 |
0,58 |
9. |
Қостанай |
6,27 |
0,58 |
10. |
Павлодар |
9,65 |
0,58 |
11. |
Петропавл |
5,79 |
0,58 |
12. |
Талдықорған |
9,17 |
0,58 |
13. |
Тараз |
9,17 |
0,58 |
14. |
Орал |
5,79 |
0,58 |
15. |
Өскемен |
9,65 |
0,58 |
16. |
Шымкент |
9,17 |
0,58 |
17. |
Алматы облысы: |
|
|
18. |
облыстық маңызы бар қалалар |
6,75 |
0,39 |
19. |
аудандық маңызы бар қалалар |
5,79 |
0,39 |
20. |
Ақмола облысы: |
|
|
21. |
облыстық маңызы бар қалалар |
5,79 |
0,39 |
22. |
аудандық маңызы бар қалалар |
5,02 |
0,39 |
23. |
Облыстық маңызы бар басқа қалалар |
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы |
0,39 |
24. |
Аудандық маңызы бар басқа қалалар |
облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы |
0,19
|
25. |
Кенттер |
0,96 |
0,13 |
26. |
Ауылдар |
0,48 |
0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді
382-бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері
Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
2) қалған елдi мекендер үшiн:
көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.