Жарияланған күні: 12.08.2015 17:50
Өзгертілген күні: 07.08.2019 15:42

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында http://alm.kgd.gov.kz/ru онлайн тәртібінде салық төлеушілердің сұрақ қоюына арналған «Сұрақ-жауап» жаңа сервисі пайда болды. Осыған орай, нысанды толтыру және сұрау санатын анықтау қажет.
Егер Сіз сұрақты қай санатқа енгізуді білмесеңіз, «Әртүрлі» санатына орналастырыңыз. 
«Сұрақ-жауап» сервисін пайдалану үшін Сіз Келісімді қабылдауға тиіссіз. Сұрақты қою үшін келесі нысанды толтыру қажет, әрбір жолдың толтырылуы тиіс, әйтпегенде сұрақ қабылданбайтын болады: Т.А.Әа., жеке email, мәселе мәтіні.
Бұдан әрі көрсетілген мәліметтің дұрыстығын растау қажет және сіздің жеке басыңызды анықтау әрекеттерін жүргізгенде қарсы келмеу қажет.
Көрсетілген жолда мәліметтердің сәйкессіздігі кезінде сұрақ автоматты түрде алынады, қараусыз қалдырылады.
Жария етер алдында өтініш әдеп нормаларына және дұрыс жазылуына сәйкес өзгертуге ұшырауы мүмкін.