Жарияланған күні: 10.12.2015 12:33
Өзгертілген күні: 10.12.2015 12:34

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жосықсыз кәсіпкерлер және азаматтар тарапынан қызметшілерге пара берудің алты оқиғаның жолын кесті

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және ведомстволық Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің 2015-2017 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз қатарында сияқты, жосықсыз салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан да сыбайлас жемқорлық факторын төмендету бойынша батыл шаралар қабылдауда.

Мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін сіңіру, өз қызметшілері мен барлық қоғамды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шараларына, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына пара бергені үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыру бойынша тәсілдерді жетілдіру арқылы кеңінен тарту, аталған жұмыстың басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Осы мақсаттар үшін Комитет пара беру әрекетін анықтауда қызметшілердің қатысуын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көрністеріне қарсы тұра білуінде саналылықты білдіретін лауазымды тұлғаларға материалдық көтермелеу шараларын қолданумен белсендіру бойынша іс-шараға бастамашылық етті.

Нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдары қызметшілерінің көмегімен және тікелей қатысуымен 2015 жылдың басынан бастап олардың лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде пара алуға бейімделудің 6 фактісінің жолы кесілді.

Тек 2015 жылғы қарашада Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында ішкі қауіпсіздік бөлімшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерін тексеру барысында анықталған бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруда оларға көмек көрсеткені үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілеріне пара беруге тырысқан мұндай 2 фактінің алдын алды.

Көрсетілген пара беру фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұдан бұрын анықталған ұқсас факті бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД қызметшісін пара алуға бейімдеуге ниет білдірген Г. азаматы сотталып, заңсыз сыйақы берудің 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл төлеу үкіміне кесілді.

Осыған орай, Комитет, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың күшейтілгені туралы салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларын ескере отырып, лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік туралы еске салады. Атап айтқанда, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жазалаумен қатар, мүлікті тәркілеумен үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы да қарастырылады.

Сондай-ақ, Комитет, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тарапынан қорқытып алу және өзге де құқыққа қайшы қызмет фактілері туралы сыбайлас жемқорлық сипаттағы ақпарат болған кезде Комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына (7172) 70 99 51, 70 99 77 телефондары, (7172) 32 20 87 факс бойынша жүгіну қажет екендігін хабарлайды.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық поштасы бойынша хабарласыңыз.