Жарияланған күні: 19.06.2015 17:32
Өзгертілген күні: 19.06.2015 17:34

.

Мүлік салығы

 

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі – пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
 

Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
       1) мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;
       2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
       3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
       4) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
       Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi;
      5) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      6) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.
 

Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

 

 

1

2

3

1.

2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы

3.

4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда

2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы

4.

6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы

5.

8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

6.

10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы

7.

12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы

8.

14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы

9.

16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы

10.

18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы

11.

20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы

12.

75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы

 

Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
      1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
      2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық  салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің  1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
     

Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелгенге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізуге  тиіс.
      Салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) салықтың жылдық сомасын бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.