Жарияланған күні: 16.02.2017 10:18
Өзгертілген күні: 16.02.2017 10:42

2017 жылдың 1 наурызынан   кедендік алымдар ставкалары ұлттық валютаға (теңгеге)  аударылады

 

 «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысына сәйкес барлық кедендік алымдар ставкалары ұлттық бағамда аудару бөлігінде «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізілді.

 № 56 Қаулы 2017 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «       » №           қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 21 қаңтардағы

№ 24 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары

 

 

Кедендік төлемдердің атауы

Теңгемен ставкасы

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар

тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге;

тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 11000 теңге

Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар

50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге,

50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 7000 теңге,

100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 11000 теңге,

200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 52000 теңге,

400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 72000 теңге,

600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 114000 теңге,

800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 155000 теңге,

1000-нан 1500 км дейінгі қашықтықта 210000 теңге,

1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 299000 теңге,

2000-нан 2500 км дейінгі қашықтықта 353000 теңге

Алдын ала шешім үшін төлем

29000 теңге

 

 

 

__________________________