Жарияланған күні: 20.10.2015 17:24
Өзгертілген күні: 15.05.2018 16:20

Мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының иелерінің назарларына!

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IV «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасыны Заңына сәйкес мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді міндетте түрде есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан – ЕАБА) арқылы мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының 2016 жылғы 1 қантарынан бастап  және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) 2017 жылғы 1 қантарынан бастап өтуі қажетті туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген аспаптар қолданылатынына назарларыңызды аударамыз.

ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде аспаптар тіркелген тізімі  «КазИнМетр» РМК-ның  http://kazinmetr.kz/si/ сайтында орналасқан.

Сонымен қатар, «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.06.2015ж. №484 Қаулысын басшылыққа алу қажет.