Жарияланған күні: 05.05.2015 12:48
Өзгертілген күні: 05.05.2015 12:53

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі,113, анықтама телефоны: (87282) 27-31-00, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: taxalmaty@mgd.kz, Gbeisekbai@taxalmaty.mgd.kz,  Мемлекеттік  кірістер органдарының жедел –тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі)  бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы  мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

 

1. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы  Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің  жетекші маман- офицері  C-GDO-6 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру; салық және кеден саласындағы құқық бұзушыларды  әшкерелеп  және   болдырмау мақсатында  алдын ала жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау; Комитетің және Департамент басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығымен белгіленетін құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылықтың тиісті санаты.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процесуалдық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық  қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін білу. Полиграфологиялық зерттеу және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден  міндетті түрде өту қажет.

 

2. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы  бақылау, талдау және әдіснама  бөлімінің  жетекші маман- тергеушісі  C-GDO-6 (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Экономикалық қызмет ортасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды өңдеу және шаралар қолдану, экономикалық қылмыстар алдын-алу бойынша шараларға ұйымдастыру және қатысу, мемлекеттік органдармен, укіметтік емес органдармен, бизнес құрылымдармен Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі бойынша туындаған сурақтар бойынша әрекеттесу жүргізу.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығымен белгіленетін құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылықтың тиісті санаты.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процесуалдық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық  қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін білу. Полиграфологиялық зерттеу және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден  міндетті түрде өту қажет.

 

 

Конкурсты өткізу ережесі және құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»2014 жылғы 17 қарашадағы №498 бұйрығымен бекітілген . 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс жүргізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде. 

Құжаттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасында қағаз жүзінде қабылданады, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282) 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: www.taxalmaty.kz, Gbeisekbai@taxalmaty.mgd.kz

 Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжат тапсырған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын тестілеу өтуге бір жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар саны   

  1. Өтініш;
  2. Конкурсқа қатысу сауалнамасы;
  3. Қазақстан Республикасының азаматының куәлігінің көшірмесі;
  4.  Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  5. Әскери қызметті өткенін немесе Қорғаныс Министрлігінің әскери-қыту резервтерін дайындау бойынша мамандандырылған ұйымдарында әскери дайынды өткенін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес жедел әскери қызметке шақыртылу мерзімін ұзартуын  немесе босатуын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
  6. 4х6 (2 дана) көлемдегі фотосурет.
  7. Құжаттарды толықтай тапсырмау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартудың негізі болып болады. 
  8. Конкурс кезеңдері туралы мәлімет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жалпыға көрінетін жерде ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ, интернет-ресурста да орналастырылған болады.