Жарияланған күні: 18.06.2015 15:46
Өзгертілген күні: 01.03.2017 17:49

Кеден одағы шекарасынан өтетін жеке тұлғаларға жаднама

      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты келісімге сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға бағалық және салмақтық норма, кедендік төлемдерден босатылуы қарастырылған(Санк-Петербург қ. 15 маусым 2010ж).

     Жеке тұлғалардың алып өтетін тауарларының сомасы, кедендік төлемдерден артпаса, кедендік төлемдерден босатылады:

Өткізу әдісі

Салмақ және сомасы

Көліктің басқа түрлері

50 кг  артса  1500 евро

Әуе көліктері

50 кг  артса 10000 евро

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2017 жылғы «11» қаңтардағы

№ 12 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «31» наурыздағы

№ 250 бұйрығына қосымша

 

 

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы

 жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері

 

  1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:
  1. олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

2) Кеден одағының кедендік шекарасы  арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

          3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

    

        Жоғарыдағы көрсеткіштерге сәйкес келмесе, кедендік бағаның 30% көлемінде біріңғай ставка бойынша, бірақ 1 кг-ға 4 еврадан кем емес  кедендік төлем ұсталады.

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті