ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ!
Егер Сіз есепті бюджетке, төмендегідей:
ЖК ретінде тіркелуге жатпайтын, жеке тұлға ретінде;
патент негізінде АСР қолдану арқылы қызметін іске асыратын ЖК;
ашық сауда нарқы аймағында шағын бизнес субъектілері үшін АСР аясында;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР аясында жүзеге асырғанда, осыған аталған салық режимі таралатын болса, онда
ЕСКЕ САҚТАҢЫЗ!
Қазақстан Республикасының аймағында ақша есебі міндетті түрде бақылау-касса машинасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Сатып алушы тауардың құнын төлеген соң, Cалық кодексімен айқындалған тәртіпте Сіз оған бақылау-касса машинасының чекін беруге міндеттісіз.
Чекті беруден бас тарту – бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу болып табылады және ӘҚБК 284-бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделінген.
Жекекәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі 29730-дан 99100 теңгеге дейін құрайды.
Бақылау-касса машинасының чекін барлық фактілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарлаңыз