Жарияланған күні: 19.06.2015 14:47
Өзгертілген күні: 19.06.2015 14:49

Кедендік  одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен енгізілетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы

 

Кедендік операцияларды іске асыруды жеделдету мен кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Кедендік одақтың Комиссиясы «Кедендік  одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен енгізілетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» шешім қабылдады.  Алдын ала ақпаратты тауарды өткізуге мүдделі тұлға Кедендік одақтың кедендік шекарасынан тауарлардың нақты өтетін мерзімінен 2 сағат бұрын  беруі тиіс.   

Алдын ала ақпарат беру Кедендік одақтың мемлекеттік мүшелерінің кедендік органдарының Web-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республиксының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталының көмегімен (pi.customs.kz) электрондық поштасы   арқылы ақпаратты қабылдауды ұйымдастыруда.  Порталға кіру қолданушылардың қарапайым тіркелу жолымен жүзеге асады.   

Кедендік тасымалдың кедендік рәсімделуіне тауарларды орналастыру үшін бекітілген көлемде алдын берілетін ақпарат жеткізілетін жерде берілетін болса алдын берілетін ақпарат транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде қолданылады.     

Алдын ала берілген ақпаратта қателер болмаған жағдайда мүдделі тұлғаға тасымалдың бірегей сәйкестендірме нөмірі (ТБСН)  жазылған электрондық хат жіберіледі. 

Алдын ала берілетін ақпарат ТБСН берілген күннен бастап 30 тәулік мемлекеттік кіріс органдарының базасында сақталады. Егерде тауарлар мен көліктердің нақты енгізілуі алдын ала берілетін ақпаратты сақтау мерзімі кезінде жүзеге аспаса, алдын берілген ақпараттың мәлімметтері автоматты түрде өз күшінен айырылады.   

Кедендік операцияларды іске асыру үшін мүдделі тұлға тасымалдың бірегей сәйкестендірме нөмірін (ТБСН) мемлекеттік кіріс органдарының салалық бөлімшесіне Web-порталдың басылымы түрінде немесе көлік құжатындағы нөмерді көрсете отыра ұсынады.    

Алайда транзиттік декларацияның қағаз түріндегі басылымы талап етілмейді.   

Сонымен сыртқы экономикалық іске қатысушылардың транзиттік декларацияның электрондық көшірмесін құру үшін өткізу пунктіндегі кедендік өкілге (брокерге) өтініші аяқталады.