Жарияланған күні: 04.12.2015 11:39
Өзгертілген күні: 04.12.2015 11:44

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

 

 

         2015 жылғы 13 қарашада Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды (заңды күшіне 2015 жылдың 1 желтоқсанына енді).

Келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:

1.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (қолданыстағы редакция) 33-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (жаңа редакция) 35-бабыжаңа нормамен толықтырылып, оған сәйкес, егер тараптарының бірі оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болса,талап қоюдыоған қатысты оңалту рәсімін қолдану немесе осындай тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім шығарған сот қарайды.

Бұл ретте сотты ауыстыру жағдайлары қарастырылған.

2. Қолданыстағы және жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі дереу қаралуға жатқызылған сот актілерінің тізбесі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімімен толықтырылды.

3. Қолданыстағы және жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың төлем қабілетсіздігін реттеу туралы істер бойынша, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындаған даулар, оның ішінде борышкермен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап-арыздары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша шешімдері кассациялық шағымдануға жатпайды, деген өзгерту енгізілді. Прокурор тарапынан касациялық немесе қадағалайтын наразылық ету құқығы қалтырылды.

4. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жаңа «Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі»-атты 2-1-тарауымен толықтырылып, борышкер мен кредитор арасында төлем қабілетсіздікті реттеу туралы келісім жасасу негізінде төлем қабілетсіздікті реттеу механизмін қолдану шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Төлем қабілетсіздігі белгілері орын алған жағдайда борышкер өзін банкрот деп жарияламай, төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі дереу орындалуға жатады және:

1) барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуді тоқтатуға;

2) кредиторларға борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынуғанегіз болады.

Бұдан әрі борышкерге кредиторлармен төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасуға 2 ай беріледі.

Борышкер және кредиторлармен қол қойылған келісім сотпен бекітілуге жатады және:

-       тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;

-       борышкердің шоттары бойынша шектеулер алынады;

-       сот шешімдерін орындау тоқтатылады;

-       борышкердің мүлкі мен шоттарына жаңа тыйым салулар мен шектеулер қоюға жол берілмейді.

Келісім 3 жылға дейінгі мерзімге жасалынады.

Егер, берешекті өтеу тәртібі бойынша кредиторлармен келісімге келмеген немесе сот тарапынан келісімді бекітуден бас тартылған жағдайда, борышкер бір жыл ішінде рәсімді қайта қолдана алмайды, ал кредиторлар үшін борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге құқық туындайды.

Рәсім, басқарушының қатысуысыз жүргізіледі.

5. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Банкроттық рәсімі» - атты 6-тарау, банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне көшу тәртібін қарастыратын жаңа 95-1-бабымен толықтырылды.

Осыған орай «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  банкроттықты басқарушының құзіретін белгілейтін 89-бабы борышкермен ұсынылып кредиторлар жиналысымен мақұлданатын оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасау міндетімен толықтырылған.

6. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  99-баптың 6 тармағына борышкердің мүлкін тікелей сату, мүліктің меншік иесі, борышкердің кұрылтайшысы (қатысушы) келісімімен жүзеге асырылатыны айқындалды.

7. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген банкроттың мүлкін сату тәсілдері кәсіпорынды сатумен толықтырылған. банкроттың кәсіпорыны ретінде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, борышктар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлерін қамтитын мүліктік кешен деп түсініледі.

Кәсіпорынды сату банкроттықты басқарушы тарапынан тікелей сату арқылы жүзеге асырылады.Төлем жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы әкімшілік шығыстар сметасына сәйкес банкроттық рәсімін жүргізу барысында жұмсалған әкімшілік шығыстар сомасын шегеріп, сатудан түскен ақша қаражатын меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) табыс етуге міндетті.

Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейіншешімді шығарған сотпен күші жойылуы тиіс.

Сонымен қатар, Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 110 бабына толықтыру енгізіліп, оған сәйкес банкроттың кәсіпорнын сату жағдайында қорытынды есепке қоса тарату теңгерімі берілмейді.

8. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жаңа «Бітімгершілік келісім» - атты жаңа 6-1-тараумен толықтырылды.

Банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредитор бітімгершілік келісімін жасауға құқылы. Бітімгершілік келісімге қол қоюға банкроттықты басқарушы да қатысады.

Бітімгершілшік келісімді бекіткенге дейін бірінші кезектегі кредиторлар талаптары толық көлемде өтелуі міндетті шарт болып табылады.

Оны сот бекіткен сәттен бастап банкроттық рәсімі тоқтатылады.

Егер бітімгершілік келісім жасасу кезінде кредиторлардың бірі болып мемлекеттік орган қатысқан жағдайда (мысалы мемлекеттік кірістер органы), онда бітімгершілік келісім мұндай мемлекеттік органның алдында бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге берешектерді өтеуді кейінге қалдыру шартында жасалуы мүмкін.

Салықтық берешектер және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер осы баптың бірінші бөлігіндегі талаптар сақталған шартымен банкроттың және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою, және (немесе) банк кепілдігімен өтеледі.

Кепілге қойылатын мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуы тиіс және оның нарықтық құны салықтық берешек сомасынан, сондай-ақ бюджетке төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардан кем болмауы тиіс. Мыналар:

1) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
         2) энергияның электр, жылу және басқа түрлері;
         3) тыйым салынған мүлік;
         4) мемлекеттік органдар шектеулер салған мүлік;
         5) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
         6) тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл заттары бола алмайды.