Жарияланған күні: 14.02.2019 11:35
Өзгертілген күні: 14.02.2019 11:41

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Салық және кедендік заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша Семинар өтті.

 

Департамент қызметкерлері Н.Абдуллина, Ш. Калибекова, Г. Оразов, Д. Атимов және С. Иманқұлов тәуекелдерді басқару жүйесі, бірыңғай жиынтық төлемді, онлайн-бақылау-кассалық машиналарды қолдану, ҚҚС төлеушілердің электрондық түрдегі шот-фактуралардың міндетті көшірмесіне көшуі, ҚҚС төлеушінің ҚҚС бақылау шотын ашуына- жеке банк шотын Blockchain технологиясы арқылы қолдану, "Виртуалды қойма" модулімен жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі туралы және жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу ережелері түсіндірілді.

Семинар барысында қызметкерлер келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Семинарды қорытындылай келе, Алматы облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Н. Абдуллина және Талдықорған қаласы бойынша МКБ басшысы Т. Керімбеков қатысушыларға алғыстарын білдіріп, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасына семинарды ұйымдастыруға көмек көрсеткендері үшін алғыстарын айтты.