Жарияланған күні: 10.07.2018 12:54
Өзгертілген күні: 13.07.2018 09:10

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында  ҚР  ҚМ  МКК-нің  Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кеден бекетінің «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктімен  кедендік бақылау  жүзеге асыру кезінде,  тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу әрекетінің алды алынды, атап айтқанда, бұрын қолданыста болған шиналар ЕАО кеден заңнамасымен  Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген.

    Аталған  тауарлар Корея Республикасынан Қырғыз Республикасына кедендік транзит кедендік рәсімімен тасымалданып, өз кезегінде ЕАО-ға мүше мемлекет, ал тауарлардың декларанттары көрші мемлекеттің заңды және жеке тұлғалары болып табылады.

Ағымдағы жылдың  9 шілдесіне қарасты кеден органдарымен жалпы салмағы 252613 кг болатын, 22209 дана мөлшерінде автокөлік дөңгелектерін импорттаудың 18 фактісі айқындалды.

Әдетте, мұндай тауарлар «матрешка» қағидаты бойынша жүреді, яғни бір резеңкеге бірнеше кіші диаметрлі резеңкені орналастыру арқылы жүзеге  асырылады.

Қазіргі уақытта,  заңсыз әкелудің  6 фактісі бойынша кідіртілген тауарларды тәркілеу туралы және құқық бұзушыларға  әкімшілік айыппұл салу туралы  сот шешімі шықты.

Қалған 12 факты бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес  іс қаралуда.