Жарияланған күні: 13.12.2018 18:04
Өзгертілген күні: 13.12.2018 18:06

Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Абдуллина Нағипа Аныққызы облыс департаментінің қызметкерлері арасында кездесу өткізді.

Осы кездесуде "Тәуелсіздік күні" және жаңа жылдық мерекелеріне байланысты әрбір қызметкерге "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңның талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді.

Ұжымдық кештер өткізілген жағдайда, қызметтен тыс уақытта, әсіресе қоғамдық орындарда, достары мен туысқандары арасында мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде әрбір қызметкер жеке аккаунттарда суреттерді, бейнетүсірілімдерді орналастыру кезінде жеке мінез-құлқына және мінез-құлық нормаларына назар аударуы тиіс.

Аталған мерекелерге байланысты жеке тұлғалардан немесе заңды тұлғалардың өкілдерінен қандай да бір сыйлықтар алуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және заңсыз сыйлықтарды қабылдаудың алдын алу мақсатында "Адал еңбектің абыройы жоғары" тақырыбында бейнеролик көрсетілді.