Жарияланған күні: 21.10.2020 15:20
Өзгертілген күні: 21.10.2020 15:21

«eSalyq mobile» мобильді қосымшасы

Сізге бір қадамға жақынырақ

Сіз электронды кезек талондарында QR-кодтын пайда болғанына назар аудардыңыз.

Qr-кодты енгізу кезінде сіз «eSalyq mobile» мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

«Esalyq mobile» мобильді қосымшасы өте қарапайым және қолдануға ыңғайлы, ең бастысы көптеген пайдалы және қажетті мүмкіндіктерге ие, мысалы:

  • ЖТ және ЖК салықтарын төлеу;
  • артық төлемді басқару;
  • Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу;
  • ЖТ және ЖК алдағы төлемдерін қарау;
  • салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті қарау;
  • электрондық кезекті онлайн брондау;
  • мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді қарау;
  • салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзетуге және өзектендіруге ЖТ электрондық өтінімін беру мүмкіндігі;
  • салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтерді қарау.

 

Мобильді қосымша App Store және Play Market алаңдарында қолжетімді.