«eSalyq mobile» мобильді қосымшасы
Сізге бір қадамға жақынырақ
Сіз электронды кезек талондарында QR-кодтын пайда болғанына назар аудардыңыз.
Qr-кодты енгізу кезінде сіз «eSalyq mobile» мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
«Esalyq mobile» мобильді қосымшасы өте қарапайым және қолдануға ыңғайлы, ең бастысы көптеген пайдалы және қажетті мүмкіндіктерге ие, мысалы:
- ЖТ және ЖК салықтарын төлеу;
- артық төлемді басқару;
- Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу;
- ЖТ және ЖК алдағы төлемдерін қарау;
- салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті қарау;
- электрондық кезекті онлайн брондау;
- мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді қарау;
- салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзетуге және өзектендіруге ЖТ электрондық өтінімін беру мүмкіндігі;
- салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтерді қарау.
Мобильді қосымша App Store және Play Market алаңдарында қолжетімді.