Жарияланған күні: 19.06.2019 19:22
Өзгертілген күні: 19.06.2019 19:23

Алматы облысының тұрғындары жер, көлік және мүлік салықтары бойынша 2 миллиард теңгеден астам қарыздар

 

 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалардан жер салығы мен мүлік салығын есептеу және төлеу мерзімдері өзгертілді.

Жеке тұлғалармен төлеуге жататын жоғарыда көрсетілген салықтарды есептеуді мемлекеттік кіріс органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың                              1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Бұл ретте 2018 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын төлеу мерзімдері 2019 жылғы               1 қазанға келеді.

2018 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2018 жылдың 31 желтоқсанында өтіп кетті, ал 2019 жылға көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажет.

Алматы облысының тұрғындары жер, көлік және мүлік салықтары бойынша 2 миллиард теңгеден астам қарыздар.

Мәселен, 04 маусымдағы жағдай бойынша жеке тұлғаларда келесі қарыздар бар:

- мүлік салығы бойынша 5 219 жеке тұлға 29,0 млн. теңге сомасына қарызын төлемеген;

- жер салығы бойынша 631 жеке тұлға 2,0 млн.теңге  сомасына қарызы бар;

- көлік құралдарына салынатын салық бойынша 108 036 жеке тұлғалар 2 159,0 млн. теңгеге қарыз есепте тұр.

Жазғы маусым - демалыс уақыты басталғаннан кейін көптеген адамдар шетелде демалуды жоспарлайды, сонда салық берешегі болған жағдайда оларға шетелге шығу қиындық туғызады. Сондықтан жеке тұлғалар салық бойынша берешектің бар-жоғын тексеруі қажет.

Салық төлеушілерді Комитеттің интернет-ресурсында салықтарды төлеу бойынша орындалмаған салық міндеттемелерінің болуы туралы хабардар ету мақсатында www.kgd.gov.kz "Электрондық үкімет" порталында "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисі іске асырылды, ол онлайн-режимде салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық жеке тұлғаларды өткен жылдың берешегін өтеуге шақырады, өзге жағдайда әр кешіктірілген күн үшін өсімақы есептеледі және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.