Жарияланған күні: 03.07.2018 15:52
Өзгертілген күні: 03.07.2018 15:53

Әр мемлекеттік органның қызметінде қоғамдық пікір қалыптастыруда және оның оң имиджі мен ашықтығын сақтауда БАҚ-ң маңызы өте зор.

БАҚ арқасында біз салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға заңнамадағы өзгерістер мен көленкелі экономикаға қарсы шаралар туралы   уақытылы жеткізе аламыз.

          Департаменттің қызметін бағалау нәтижелері біздің қызметіміздің бағытын айқындауда кәсібилік, құзыреттілік және объективтілікпен тығыз байланысты.

          Байланыс және ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекесінде  БАҚ өкілдерін құттықтауға тамаша мүмкіндік туды.

        Құттықтау сөзінде департамент басшысының орынбасары Қ.Қармандаев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңалықтарды халыққа жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарына алғысын білдірді және кәсіптеріне өрлеу, шығармашылықтарына сәттілік, еңбектеріне толайым табыс тіледі. 
Сондай-ақ, жүз жылдық мерей тойын атап өткен облыстық - «Жетісу» мен «Огни Алатау» баспаларын құттықтап басылымдарына алғысын білдірді. 
Салтанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.