Жарияланған күні: 19.01.2017 12:07
Өзгертілген күні: 19.01.2017 12:09

18 қаңтарда Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментында салық және кеден Кодекстарына еңгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті. Семинар жұмысына Департаменттің қызметкерлері, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Л.Чинкисбаева, жобаларды сүйемелдеу экспорты А.Қалабаева, бухгалтерлер клубының мүшелері, салық төлеушілер және сыртқы экономиалық қызметіне қатысушылар  қатысты.

 

Соңғы жылдарда салық және кеден заңнамаларына жүйелі өзгерістер еңгізілуде. Бұл өзгерістер салық жүктемесін төмендетуге, салық және кеден тәртібін жеңілдету мен бизнеске қолайлы жағдай жасауға бағытталған.  

2017 жылы салық және кеден кодекстеріне еңгізілген, кейінгі жылдары еңетін ережелер мен қолданыстағы заңнамалармен салық төлеушілер мен сыртқы экономиалық қызметіне қатысушыларды Департаменттің және кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері таныстырды.    

Салық және кеден заңнамаларға еңгізілген және қолданыстағы заңнамалық нормаларымен Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ж.Уксукбаев,  мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Ж.Нуршанова, Үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімнің басшысы Ж.Ердаулетұлы, камералдық бақылау бөлімінің басшысы Г.Сармурзинова, Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Д.Тарыбаев, кедендік бақылау бөлімінің басшысы Ғ.Оразов, мәжбүрлп өндіру бөлімінің басшысы А.Абдилданова, кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу экперты А.Қалабаева таныстырды.

Баяндамадан, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою, оған сәйкес ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлікті) жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) ұсынады тікелей мемлекеттік кірістер органына немесе - «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы Үкімет бекіткен нысан бойынша хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган - хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылады, Заңның жеке бабымен ҚҚС төлеуші ретінде міндетті түрде тіркеу үшін шегін кезең-кезеңмен төмендету енгізілген, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін - ең төменгі айналым 30 000-еселік болса, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15000 еселенген мөлшерін құрайды, ҚҚС тіркеу есебіне ерікті түрде тіркелу нормасы сақталды.

Салық кодексінің 280-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеруді көздейтін өзгерістер енгізілді. Осылайша, литріне 100% спиртті құрайтын алкоголь өніміне акциз (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) 2017 жылға - 2000 теңге, 2018 жылға - 2275 теңге, 2019 жылға - 2 550 теңге, 1 литр үшін сыра және сыра сусынына акциз 2017 жылға - 39 теңге, 2018 жылға - 48 теңге, 2019 жылға – 57 теңге.

 

Салық Кодексіндағы жеке табыс салығына қатысты  баптарына еңгізілген өзгерістер түсіндірілді, негізгі өзгерістер 155 бабына кіргізілді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысанын (200.00 нысан) азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларациямен (210.00 нысан) біріктіру көзделгені айтылды.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап  жұмыс берушілер, дара кәспкерлер,  жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына салым төлейтін заңнамасының нормасы түсіндірілді. 

Салық және кеден әкімшілендіруге қатысты салық және кеден дауларын сотқа дейін реттеуге қатысты түзету еңгізілді,  ҚҚС төлеушілерді шегін кезең-кезеңмен міндетті түрде электрондық шот-фактура жазуға ауыстыру, салық және кедендік тексеру жұргізу кезіндегі е-аудит еңгізу мерзімін ауыстыру (электрондық аудит), салық есеп нысандарын оңтайландыру. 

Сонымен қатар, жалпыға бірдей декларациялау, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бойынша еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар да айтылды.

             Шетелден ақша алатын қазақстандықтар мемлекеттік кірістер органдарының алдында есеп беру тиісті нормасы 2016 жылдан бастап еңгізілді. Жаңадан еңгізілген норма болғандықтан осы сұрақ бойынша да доклад оқылды.

             Салық төлеушілерге салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы да түсіндірілді.