Жарияланған күні: 15.04.2019 16:05
Өзгертілген күні: 16.04.2019 13:34

    

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған тауарлар немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген тауарлар ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының 84, 85 немесе 90 тауар топтары бойынша жіктелетін тауарлар (қоса алғанда тауарлардың комбинациясы) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе басқа құрылғылар түсініледі.

         Тұлғалардың өтініші бойынша кеден органдары алдын ала тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды. Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелу болжанатын жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы айқындаған жағдайларда тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші негізінде қабылдайды.

Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде қабылданады:

- шарт (келісім-шарт) өтініш берушінің атынан жасалды;

- өтініш беруші тауарларды алушы болып табылады.

Алдын ала сыныптау шешімін алғаннан кейін, тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін, тауардың бірінші құрауышына қатысты декларант немесе кеден өкілі мемлекеттік кіріс органына тауар құрауыштарының жоспарланатын жеткізілімдері туралы хабарлама береді.

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау кезінде уәкілетті лауазымды адам ақпараттық жүйе арқылы кедендік операцияларды жасайды, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес кедендік бақылау жүргізеді, сондай-ақ тауар құрамдастарын шығарады.

          Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрауыштарын кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жиынтықталған немесе аяқталған тауарға қатысты белгіленген және жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрауыштарына кедендік декларацияны тіркеу күні қолданыста болған ставкалар қолданылады.

            Кедендік декларациялау үшін алым жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың әрбір компонентіне тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе бір мезгілде, сондай-ақ жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарға соңғы декларацияны берген кезде төленеді.

       Уәкілетті лауазымды адам ақпараттық жүйе арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрауыштарын жеткізудің бүкіл мәлімделген кезеңі ішінде тауардың әрбір құрауыштарының өткізілуін нақты есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

         Осындай тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген соңғы құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация бойынша тауар шығарылғанға дейін монтаждауға (құрастыруға) жол беріледі.

Тауардың соңғы құрауышына қатысты жиынтық немесе аяқталған түрдегі тауарларға арналған декларация, көрсетілген мерзімді ұзарту жағдайларын қоспағанда, осындай тауардың бірінші құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация тіркелген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде берілуге тиіс.

Кеден заңнамасының осы нормасы өндірістік және өнеркәсіптік компанияларға ірі және габариттік өнеркәсіптік жабдықтар немесе өндірістік желілер импортын кеден баждары мен салықтарын төлеуден босата отырып жүргізуге мүмкіндік береді.