Жарияланған күні: 24.06.2019 18:17
Өзгертілген күні: 26.06.2019 11:11

Жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылығы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы   №121-VI Қазақстан Республикасының Заңының 57-1 бабы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі мазмұнымен толықтырылды: 

"Салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотта есепте тұрған бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде төлеген жағдайда салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін":

  1. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген өсімпұл сомасы, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін, төлеу күнін қоса алғанда, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады;
  2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін салынған, бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша салық төлеушінің дербес шотында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген айыппұл сомасы. Осы бапта көзделген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық төлеуші салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындаған жағдайда қолданылады, оны төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген.

Осы баптың ережелері келесі салық төлеушілерге қолданылмайды:

  1. мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
  2. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін жүзеге асырғандар:

жерасты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану;

акцизделетін өнім өндіру;

3) Кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыруға байланысты пайда болған салық берешегін қоспағанда, жеке тұлғаларға-жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға-жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Осылай, егер кез келген салық төлеуші (алып тасталатындардан басқа) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шоттағы бересі сомасын (салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша негізгі берешек) 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтесе, онда ол төлемнен босатылады.:

- осы бересі төленген күнге дейінгі барлық кезең үшін жоғарыда көрсетілген бересі сомасының сомасына есептелген өсімпұлдар;

- салық төлеушінің дербес шотында жоғарыда көрсетілген бересі сомасы бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін салынған әкімшілік айыппұл.

Айта кету керек, салықтық рақымшылыққа жататын сүбъектілерге тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ғана емес, сондай-ақ ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрмайтын, жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын және акцизделетін өнім өндірмейтін жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Рақымшылық салық төлеушілердің дербес шоттарында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген және ол 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін созылады.