Жарияланған күні: 08.12.2020 12:50
Өзгертілген күні: 08.12.2020 12:54

Темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің жаңа редакциясы енгізілгеніне байланысты, темекі бұйымдарының өндірісімен және айналымымен айналысатын салық төлеушілерге, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға қатысты қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы хабардар етеді:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.11.2020 жылғы № 1061 бұйрығымен «Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Өзгерістер қыздырылатын темекісі бар бұйымдар мен қорқорға арналған темекілер түрлеріне дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беруге қатысты енгізілген.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2020 жылғы -№ 1154 бұйрығымен «Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Өзгерістер 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қыздырылатын темекісі бар бұйымдар қорабын акциздік маркалармен таңбалауға қатысты енгізілген.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 27.11.2020 жылғы № 1148 бұйрығымен «Темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Өзгерістер қыздырылатын темекісі бар бұйымдарының қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс етуге қатысты енгілген.

Ақпарат алу үшін келесі тел. номерлеріне хабарласуға болады:

8 7172 718527; 8 7172 717732.