Жарияланған күні: 29.09.2020 09:56
Өзгертілген күні: 29.09.2020 09:57

Тауарларға ілеспе жүкқұжаты

Алматы облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті  тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың енгізуін  қарастыратын Салық Кодексінің 176-бабы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін хабарлайды.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаты (бұдан әрі - ТІЖ)  – бұл тауарлар қозғалысына бақылау жасауға арналған құжат, оның ішінде этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты, мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты.

Салық кодексінің 176-бабына сәйкес салық органдары:

1) Қазақстан Республикасының аумағымен тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде ТІЖ-ды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

ТІЖ-ды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – тауарлар еркін айналысқа шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірілмей;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей туындайды.

ТІЖ-ды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, ресімдеу тәртібі мен ТІЖ нысаны «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген, аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19784 болып тіркелді.

 

Алматы облысы бойынша  

Мемлекеттік кірістер департаменті