Жарияланған күні: 06.08.2020 17:10
Өзгертілген күні: 06.08.2020 17:10

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаңыз!

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы
Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу:
1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау;
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздестірудегі адамның орналасқан жері туралы ақпарат беру;
3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы бар өзге де жәрдемдесу.
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметіне сәйкес, Алматы облысында 2020 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған төрт адам марапатталды. Жалпы сыйақы сомасы 689 260 теңгені құрады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдар үшін көтермелеу бір реттік ақшалай сыйақы түрінде белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін, пара немесе келтірілген залалдың мөлшері немесе көрсетілген жеңілдіктер мен қызметтердің құны мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал болмаған жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы келесі мөлшерде белгіленеді, атап айтқанда біржолғы ақшалай сыйақы:
1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) Ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
3) Ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
4) Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
5) Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істер бойынша – 100АЕК.
Пара немесе келтірілген залал сомасы, ұсынылған жеңілдіктер, көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал, ұсынылған жеңілдіктер, көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды.
Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде сот актілері мен қаулылары күшіне енген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің 1424 CALL-орталығына жіберуге болады.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 8-728-2-24-35-22 сенім телефоны жұмыс істейді.
Біздің барлық азаматтарымыз, әлеуметтік желілерге жазылушылар, салық төлеушілер сіздерді белсенді азаматтық ұстанымды білдіруге және сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлері байқалғанда дереу хабардар етуге шақырамын.

Алматы облысы бойынша МКД-нің
Әдеп жөніндегі уәкілі
Сауданбеков Айдын Тұрғанбекұлы
Тел: 8728-2 - 60-12-77