Жарияланған күні: 21.06.2022 10:20
Өзгертілген күні: 21.06.2022 10:21

 «Сенімсіз кедендік декларациялауға қарсы жасалып жатқан іс шаралар»

      

«Нұр Жолы» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен көлеңкелі экономикаға қарсы тұру, декларацияланатын тауарлардың, әсіресе Қытайдан әкелінетін тауарлардың толық кедендік декларациялануын қамтамасыз ету, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға, тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға байланысты кедендік бақылауды күшейту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер үнемі өткізіліп тұрады.

      «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы А.Қ.Бекбергенов  көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бүкіл Қазақстан бойынша жүріп жатқандығын атап өтті. Көлеңкелі экономикаға қарсы тұру мемлекеттік кірістер органдарының ең басты бағыты болып табылады. Кедендік төлемдерден, салықтардан немесе кедендік төлемдерден, салықтардан, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарынан босатуға немесе оларды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамауға әкеп соқтыратын тауарларды декларацияламағаны немесе дұрыс емес кедендік декларациялағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.

       Бүгінгі күні көлеңкелі экономикаға қарсы тұру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті экспорттық-импорттық операциялар кезінде кедендік тексеріп қарау және кедендік құнды бақылауды күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асыруда.

       Осыған байланысты, 2019 жылғы 24 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеден басқармасы арасындағы Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының өткізу пункттері арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпарат алмасу туралы бекітілген Хаттамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кеден комитеті  кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға ҚХР-ның экспорттық декларацияларында көрсетілген ақпараттармен алмасу үшін бағдарламалық өнімді енгізді.

        Бұл ақпарат алмасу тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде тауарларды кедендік декларациялаудың сенімділігін қамтамасыз ету, кедендік бақылауды жүзеге асыру, жөнелтуші елдің кедендік декларациясының мәліметтерін межелі елдің кедендік декларациясында көрсетілген деректермен салыстыру мақсатында жүзеге асырылады.

        Тауарларды кедендік рәсімдеу кезінде ҚХР-ның экспорттық декларациясындағы мәліметтермен және Қазақстан Республикасының кедендік декларацияларындағы мәліметтермен сәйкессіздік болған жағдайда, «Нұр Жолы» кеден бекетінде кедендік басқаруды, оның ішінде тексеріп карауды тағайындап, оны кушейтуди талап етудеміз.  

       Бұл шара мәлімделген тауарлардың сенімділігіне, оның ішінде зияткерлік меншік құқығын қорғауды бақылауға оң ықпал етті, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және республикалық бюджетке түсетін кедендік салымдардың мөлшерінің өсуіне оң әсер етеді.

«Нұр жолы» кеден бекетінің бас маманы Омаров М.