Жарияланған күні: 11.04.2019 13:47
Өзгертілген күні: 11.04.2019 16:27

Мемлекет басшысы, 2019 жылдың 2 сәуірінде № 241-VI туралы  кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Бизнес-ортаның даму және сауда қызметін реттеу және одан әрі жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ҚР Салық кодексінің 683-бабының 2 тармағының 2 тармақшасында оңайлатылған декларация негізіндегі АСР бойынша салық 24038 АЕК еселенген мөлшерінен аспауы тиіс екендігі көзделген.

Заңда 683-баптың осы тармақшасы екінші бөлікпен толықтырылды, бұл жоғарыда аталған табысқа республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, дара кәсіпкер үш компонентті интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен алған табыстар енгізілмейді.

Үш компонентті интеграцияланған жүйе - деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жабдықталған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Мәлімет үшін, Заңның осы қосымшасы 01.01.2019 ж. бастап қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлаймыз.