Жарияланған күні: 05.11.2020 10:14
Өзгертілген күні: 05.11.2020 11:35

Қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениеті

Әдептілік – бұл адамның өзінің өмір сүріп жатқан қоғамда өмірдің моральдық қағидаларын ұстауы, құрметке ие болып, абыройсыз қылыққа қабілетсіздігі. Адамды әдептілікке бала кезінен тәрбиелеу қажет, себебі бұдан оның сана-сезімі және соған сәйкес жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасады.

Бастысы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөлу керек, өйткені бұған оның сана-сезімі, құқықтық соның ішінде жемқорлыққа қарсы мәдениеті тәуелді. Бала кезінен қазақстандық патриотизм және жемқорлықты қабылдамау рухында тұлғаны тәрбилеу маңызды. Бұны азаматтармен мемлекеттік қызметтерді алу, өзінің құқықтарын мен заңды мүддесін қорғау механизмін қол жетімді және кәсіби түрде аша алатын, кәсіби негізде әртүрлі саладағы мамандарды қолдана отырып жасау қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдары жемқорлықты қоғамдық қабылдамау жағдайын қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, жемқорлыққа қарсы тұру ісіне қатысуға жәрдем көрсетуге тартылған.

Жиі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық азаматтардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде нашар құқықтық сауаттылығының себебі болып табылады. Сонымен, жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие бүгінгі таңдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі бір факторы болып табылады, ол өз кезегіде елдегі жемқорлыққа қарсы тұруға жәрдемдеседі.