Жарияланған күні: 29.09.2018 11:47
Өзгертілген күні: 29.09.2018 11:48

«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 229-бабына сәйкес, тасымалдаушының көзделген міндеттерді сақтауына кедергі келтіретін авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдауға, осы мән-жайлар және тауарлардың тұрған жері туралы жақын кеден органына дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге жерге тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етуге (егер оның көлік құралы бұзылған болса) міндетті.

Тасымалдаушының хабарламасында келесідей мәліметтер көрсетілуі тиіс:

а) хабарламаны жолдаған тасымалдаушы туралы мәліметтер:

- заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын мекеменің толық немесе қысқартылған атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

- салық нөмірі (бар болған жағдайда);

- заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын мекеменің орналасқан жерінің мекен-жайы, немесе жеке тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы;

- электрондық пошта мекен-жайы, телефон нөмірі және т.б.;

- транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сонымен қатар ХЖТ кітапшасының немесе карнет АТА нөмірі (болған жағдайда);

- тасымалдаушының көзделген міндеттерді орындауына кедергі келтірген жағдайлар;

- тасымалдаушының көзделген міндеттерін орындауына кедергі келтірген жағдайлардың туындаған орны және тауарлардың орналасқан жері;

- кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) қажеттілігі (қажет еместігі) жайлы мәлімет.

Кедендік орган, хабарламаны алғаннан кейін, тасымалдаушыны хабарламаның тіркелгені туралы және тауарларды апару (жүктерді тасу) немесе оларды апаруды (тасуды) (егер көлік құралы бұзылған болса) қамтамасыз ету үшін, кедендік бақылау аймағын анықтап хабарлайды және  тасымалдаушының көзделген міндеттерін орындауына кедергі келтірген жағдайлардың туындаған орнына осы кеден органының лауазымдық тұлғасы келетін мерзімді көрсете отырып, хабардар етеді.

Авария, еңсерілмейтін күш әсері салдарынан шетел тауарларын жою және (немесе) орны толмайтын шығын фактісі құзыретті мемлекеттік органдар қорытындысы немесе актісімен, осы фактілерді фото және (немесе) бейнежазбамен белгілеу арқылы, лауазымдық тұлғамен авария, еңсерілмейтін күш әсері туралы Акт ресімдеу жолымен расталады.

 

Авария туралы Акт екі данада ресімделеді:

  • авария туралы Актінің бір данасы уақиға орын алған қызмет аумағында орналасқан мемлекеттік кірістер органында сақталады;
  • авария туралы Актінің екінші данасы тасымалдаушыға беріледі.

Авария туралы Акт құрастыру кезінде төмендегідей қосымшалар қоса берілуге жатады:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған құзыретті мемлекеттік органның қорытындысы немесе актысы:
  • тауарды және көлік құралын (немесе) жою (қайтарымсыз жоғалту) фактісін растайтын фото (бейнежазба) материалдары.

Кедендік бақылау жүзеге асырылғаннан кейін, тасымалдаушы, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларанты немесе тасымалдаушының көзделген міндеттерін орындауына кедергі келтірген жағдайлар туындаған тауарлар мен көлік құралына қатысты уәкілеттілікке ие өзге де тұлғалар, тауарлардың жөнелту кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізу мерзімін ұзарту, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды жеткізу орнын ауыстыру, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру, кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуына байланысты кедендік операцияларды жүзеге асырады.