Жарияланған күні: 22.06.2022 09:19
Өзгертілген күні: 22.06.2022 09:20

Кедендік декларациялау тәртібін бұзу

Кедендік декларациялау

 

          "ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексіне сәйкес кедендік декларациялауға оларды кедендік рәсімге орналастыру кезінде тауарлар не кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар, керек-жарақтар мен халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары (Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 38-тарауында айқындалған жағдайларда) кедендік рәсімге орналастырусыз жатады.

Кедендік декларациялау электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жол беріледі:

1) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде;

2) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты;

3) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты;

4) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты;

5) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар, оның ішінде мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттар кедендік декларация ретінде пайдаланылған кезде;

6) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда және комиссия көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалады.

          Тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 535-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

1. Декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзуы, яғни тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша тауарларды алдын ала, толық емес, мерзімдік және Уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы, тауарларды кедендік декларациялау осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларда - ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет-жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.