Жарияланған күні: 08.06.2020 17:02
Өзгертілген күні: 08.06.2020 17:05

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі

міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

 

     "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 97 бабы бойынша -   кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау:

      1) ақшалай қаражат (ақша);

      2) банк кепілдігі;

      3) кепілгерлік ;

      4) мүлікті кепілге беру;

      5) сақтандыру шарты тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.

  Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау көрсетілген кез келген тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі.

   Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын көзделген бір немесе бірнеше тәсілдермен таңдауы бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеуші ұсынылады.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелер тоқтатылғанға дейін үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс.

 Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынылады.