Жарияланған күні: 10.04.2019 10:00
Өзгертілген күні: 10.04.2019 10:01

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, "Нұр Жолы" кеден және логистика бойынша уәкілетті экономикалық операторлар одағы өкілдерінің және СЭҚ қатысушыларының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңесте кедендік төлемдер мен салықтарды бюджетке толық төлеу және тауарларды декларациялау кезінде мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.