Жарияланған күні: 15.01.2021 18:27
Өзгертілген күні: 15.01.2021 18:28

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 қаңтарында сағ.16.00-де ZOOM платформасы арқылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру жұмыстары бойынша арнайы лекцияға  Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке құрамымен қатысты.