Жарияланған күні: 05.06.2020 16:32
Өзгертілген күні: 05.06.2020 16:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2020 жылғы 4 маусым                                                                   Нұр-Сұлтан қаласы

 

Карантиндегі кәсіпорындардың тексеруі уақытша тоқтатылады

 

Елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланыста салықтық және кедендік тексерулер жаңартылды. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс жасау режимі ескерілетін болады.

Егер де тексерілетін кәсіпорынның қызметкері карантинге кеткен болса, онда кәсіпорынның жұмысы қайта жанданған уақытқа дейін тексеру уақытша тоқтатылады. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісіне құжаттарды ұсыну туралы талапнама табыс етіледі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарында 1403 салық және 382 кедендік тексеруі өндірісте.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен  тікелей байланысты азайту үшін, жергілікті жерлерде кедендік тексерулердің басым бөлігі кәсіпорынға бармай-ақ, қашықтықтан жүргізілетін болады. Ондай тексерулер саны 60-тан асады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың екінші жартыжылдығына салық тексерулерінің кестесін жасаудан бас тартты. Бұл дегеніміз, 700-ге жуық тексеру жасалмайды.

Нақты бұзушылықтар бойынша ғана жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі