Жарияланған күні: 21.09.2018 16:55
Өзгертілген күні: 21.09.2018 16:56

Салық төлеушілерге салық міндеттемесін уақытылы орындау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.

Осыдан бұрын «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін, салықтың үш түрін төлеу ғана қол жетімді болған: яғни бұлар мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы.

Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар;

жер салығы;

ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы;

ойын бизнесіне салық;

тіркелген салық;

алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

eGov.kz «Электронды үкімет» порталында салық төлеу үшін «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Салық төлеушілерге осы енгізілген жаңа қызмет арқылы кез келген уақытта және кез келген елді мекенде банктерге келмей, кезектерде тұрмай бюджетке төлемдерді төлеуге мүмкіндігі берілген.