Жарияланған күні: 08.10.2020 12:24
Өзгертілген күні: 08.10.2020 14:25

Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметті атқарушы тұлғаларға арналған қызметте және одан тыс, белгілі-бір мінез-құлық стандарттары бар. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.
Осыған байланысты, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде әріптестерімді, барлық мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексінің нормаларын сақтауларын сұраймын.
Біздің міндетіміз мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту!

Алматы облысы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі
Сауданбеков Айдын Тұрғанбекұлы
Тел: 8728-2 - 60-12-77