Жарияланған күні: 20.06.2022 12:21
Өзгертілген күні: 20.06.2022 12:22

Бірқатар салықтарды төлеу мерзімі 20 маусымда аяқталады

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігінің нысандарын тапсыру қажеттігін ескертеді:

* 2022 жылғы мамырға тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (Н. 328.00);

* жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдерінің сомасын есептеу (егер уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт 2022 жылғы мамырда жасалған немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алынған болса) (Н. 851.00);

* 2022 жылға қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (2022 жылғы мамырда рұқсат құжатын алған кезде жылдық жиынтық көлемде 100 АЕК – ке дейінгі төлемдер көлемі бар І және ІІ санаттағы объектілердің төлеуші-операторлары үшін) (Н. 870.00).

Сондай-ақ салық төлеу қажет:

* 2022 жылғы мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтағы ҚҚС;

* акциз, оның ішінде 2022 жылғы мамырдағы ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша;

* I және II санаттағы объектілер операторларының жылдық жиынтық көлемінде төлем көлемі бойынша 2022 жылға норматив сатып алу бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (рұқсат беру құжатын 2022 жылғы мамырда ресімдеген кезде).