Жарияланған күні: 14.05.2019 09:29
Өзгертілген күні: 14.05.2019 09:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

АҢДАТПА

Құрметті журналистер!

 

XII Астана экономикалық форумы аясында Нұр-Сұлтан қаласында  2019 жылдың 15-17 мамыры аралығында Дүниежүзілік кеден ұйымының Еркін экономикалық аймақтар бойынша аймақтық форумы өткізіледі. Аймақтық форум аясында 2019 жылдың 15 мамырында сағат 09-30-да «Еркін экономикалық аймақтарда кедендік әкімшілендіруді дамыту перспективалары» тақырыбында брифинг өткізіледі.

Спикерлер:

Баеділов Қанат Ескендірұлы – ҚР Қаржы Вице-министрі;

Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы;

Ана Б.Хинохоса – ДКҰ Сақтау және оңтайландыру департаментінің директоры;

Кристофер Эдвардс – USAID Орталық Азия бойынша аумақтық директор.

БАҚ-ты аккредиттеу: +7(7172) 70-99-48, +7(7172) 71-85-67  телефондары бойынша және ootar@mgd.kz, asartaeva@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша 14 мамыр сағат 16.00-ге дейін жүргізіледі.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев к., 7, «Rixos President Hotel» қонақ үйі, «Жерұйық» залы.

ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ ҚАЖЕТ.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі