Жарияланған күні: 06.09.2022 09:19
Өзгертілген күні: 06.09.2022 09:21

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшының жаңа орынбасарлары тағайындалды

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 05.09.2022 жылғы бұйрығымен Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасарлары тағайындалды. Олар Берік Сағынбайұлы Ескентаев пен Ұлан Ерденұлы Өмірзақов болды.

 

Берік Сағынбайұлы Ескентаев 1975 жылы 4 тамызда Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

2001 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істейді.

2021 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

 

Ұлан Ерденұлы Өмірзақов 1975 жылы 30 шілдеде Алматы облысы Балқаш ауданы Қарой ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық аграрлық университетін, 2004 жылы Т.Рысқұлов Қазақ экономикалық университетін бітірген.

2005 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істейді.

2021 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.