Жарияланған күні: 06.12.2023 15:32
Өзгертілген күні: 06.12.2023 15:46
Қазақстанда 2021 жылдан бастап азаматтар жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен өтеді. Мемлекеттік органның мәліметінше, бірінші кезеңде декларацияны мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары тапсырған. Алматы облысында 36 мыңнан астам жеке тұлға декларация тапсырған.
Екінші кезең 2023 жылы басталып, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне (дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет, пене спорт саласы, және олардың жұбайлары) квазимемлекеттік сектор, кірді. Алматы облысында 128 мыңнан астам адам табыс етсе, 16 908 тұлға салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларациясын ұсынбағаны туралы хабарлама жіберілді, оның ішінде 823 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары, басшылары, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» (250.00-нысан) тапсыруға міндетті.
Сонымен қатар, бұл міндеттеме «СЕНІМСІЗ» мәртебесі бар жеке кәсіпкерлерге және Алматы облысындағы осыған ұқсас мәртебесі бар ЖШС басшыларына (құрылтайшыларына) да қатысты болады, ондай тұлғалардың саны 3 693 адамды құрайды.
Егер де, Сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жататын болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтатсаңыз, ЗТ немесе ЖК орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беруді ұсынамыз. 
Сіз өз қызметін тоқтатқан немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде тұрған ЖК немесе ЗТ басшысы екеніңізді тексеру үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің 
250.00 нысанды мемлекеттік кірістер органдарына 15 шілдеден кешіктірмей – қағаз түрінде, 15 қыркүйекте – электронды түрде «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz) немесе e-Salyq Azamat, eGov mobile мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады. 
Жеке тұлғалар 2024 жылы 250.00 нысанын тапсырғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістері мен активтері туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыруы тиіс екенін ескеріңіздер. 
Сонымен қатар, декларацияны бірінші рет кеш тапсырған жағдайда ескерту берілетінін хабарлаймыз. 
Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда - 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады.