Жарияланған күні: 05.07.2019 17:48
Өзгертілген күні: 05.07.2019 17:54

2019 жылдың 05 шілдесінен бастап кәсіпкерлік субъектілеріне тақырыптық тексеру іс-шараларын жүргізу туралы хабарлама

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық бөлімшелермен бірлесе отырып, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту мақсатында 2019 жылдың 05 шілдесінен бастап мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану, сауда, жер қойнауын пайдалану, базарлар, демалыс аймақтары және т.б. саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілерінің келесі мәселелері бойынша тексеру іс-шараларын бастады:

- мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қою;

- салық есептілігінде табыстар мен жалдамалы қызметкерлердің көрсетілуінің толықтығы;

- мүлік салығының салық салынатын базасының болуы;

- деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданудың белгіленген тәртібін сақтау (ДБФ БКМ);

- лицензияның, алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжатының болуы, есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өнімін сатудың ең төменгі бағасын сақтау 1 литр (1923 теңге);

- мұнай өнімдерін сату және тасымалдау тәртібін сақтау.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мейрамханалар мен сауда (ірі СТ) қызметтерін ұсыну саласындағы 827 кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты алдын ала дистанциялық талдау жүргізді, оның барысында келесі сипаттағы бұзушылықтар анықталды:

- 325 объектіде БКМ онлайн болмауы;

- 122 объектіде кірістердің болмауы;

- 203 объектіде жалдамалы қызметкерлердің болмауы (кафе, мейрамханалар, дүкендер, сұлулық салондары және т. б.);

- жалдамалы қызметкерлердің ең төменгі саны 177 объектіде, 1-ден 5 адамға дейін құрайды;

- 211 объектіде (кафе, мейрамханалар, дүкендер, сұлулық салондары және т. б.) мүлік салығы бойынша салық салынатын базаның болмауы;

- 26 объектіде (кафе, мейрамханалар, дүкендер, сұлулық салондары және т. б.) мүлікті бағалау 20,0 млн. теңгеден төмен.

- 44 объектіде (дүкендер, кафелер, сұлулық салондары) ДБФ БКМ бойынша түсімнің болмауы;

- 563 объектіде алкоголь өнімдеріне лицензия болған жағдайда БКМ түбіртегін соқпау.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша 194 тақырыптық (рейдтік) тексеру нәтижелері бойынша 39 009 литр алкоголь өнімі (70 284 бөтелке), темекі өнімдерінің заңсыз айналымы 182 000 дана, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы (бензин, дизель отыны) 104,3 тонна анықталды және тәркіленді.

Құрметті салық төлеушілер, салықтық бақылау мақсаттары үшін жоғары тәуекел салық төлеушілер тобына қосудың алдын алу мақсатында Сіздерден қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, салық есептілігінде нақты кірістер мен жалдамалы қызметкерлерді көрсету қажеттілігі; қолданыстағы заңнамамен белгіленген салық төлеушілер санаттары үшін ДБФ БКМ орнату және қолдану міндеттілігі; тауарлар мен қызметтерді тұтынушыға түбіртек берудің белгіленген тәртібін сақтау; алкоголь өнімдері мен мұнай өнімдерін сату жөніндегі заңнаманы сақтау, алкоголь өнімін сатудың ең төменгі бағасын сақтау қажеттілігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.