Жарияланған күні: 03.10.2016 17:53
Өзгертілген күні: 03.10.2016 18:05

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органда ішкі конкурс жариялайды

 

       БСН 090440000545, 040000, Алматы облысы, Талдықорған  қаласы, Жансүгіров көшесі, 111, анықтама телефоны: (87282) 24-62-21, факс 24-51-67, электрондық мекенжайы: g.zhakupbekova@kgd.gov.kz

      1.«Жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне  19.11.2018 ж. дейін), бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты, №03-2-4

     

     2.«Жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне  13.07.2019 ж. дейін), бас маманы, (1 бірлік) С-R-4 санаты, №03-2-3

 

       Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.Аудан бойынша салык төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару; Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау; Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру;Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99 106

 

   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:   

 С-R-4 санаты үшін:

      C-R-4*** мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

*** Ескерту: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

        Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

    Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде, 2016 жылдың 04 қазаннан бастап 2016 жылдың 06 қазанды қоса есептегенде, мына мекен жайы бойынша: индекс 040000,Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 111, анықтама телефоны: (87282) 24-62-21, факс 24-51-67, электрондық мекенжайы: Gtaldykorgan@taxalmaty.mgd.kz, Gzhakupbekova@taxalmaty.mgd.kz, g.zhakupbekova@kgd.gov.kz кабылданады

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
          1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде);

 2) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

       Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

          Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 111 үй.

 

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.                 Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Талдықорған қаласы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасына тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілігілін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.  Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған Басқарманың қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

       Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

____________________________________

____________________________________
(мемлекеттік орган)  

 

                                                               Өтініш

Мен________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

 Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      ___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

 

 

__________                                    _________________________________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.