Жарияланған күні: 29.06.2016 19:06
Өзгертілген күні: 29.06.2016 19:07

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық  мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды

БСН 900540000065, 041600, Алматы облысы Талғар қаласы, Т.Бокин  көшесі, 30, анықтама телефоны: (872774) 2-18-50, 2-15-45, факс (8727)295-63-44, электрондық мекенжайы: Szhanabaeva@taxalmaty.mgd.kz, s.janabaeva@kgd.gov.kz

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылданады.

C-R-4 санаты үшін: жоғары білім;   мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 041600, Алматы облысы, Талғар қаласы, Т.Бокин көшесі, 30 үй.

1. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Талғар        ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік, (№05-2-2)

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.  Заңды, жеке тұлғалардан бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық және уақытылы енгізілуін, болжамның орындалуын бақылау.Ауданның жеке тұлға-салық төлеушілері  бойынша жер, мүлік, көлік салықтарының толық және уақытылы түсуін бақылау, олардың түсу динамикасын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73 288  теңгеден 99 105 теңгеге дейін

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде 2016 жылдың 29 маусымынан 2016 жылдың 05 шілдені қоса есептегенде қабылданады.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) үлгі бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.