Жарияланған күні: 21.07.2016 16:01
Өзгертілген күні: 21.07.2016 16:05

    Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б»

корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

      С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

   4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;          

   5) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-3\              C-R-4

73 288

99 105

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Райымбек  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасы, 041400, Алматы  облысы, Райымбек  ауданы, Кеген селосы,  Бауыржан Момышұлы көшесі 19, анықтама телефоны: (8-72777) 2-22-84, факс 1, электрондық мекен-жайы: R.Ashirbaeva@kgd.gov.kz Rashirbaeva@taxalmaty.mgd.kz 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар  шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.  

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс:

1. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  Райымбек  ауданы  бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы

 «Заңды  тұлғаларды әкімшілендіру»  бөлімінің  бас  маманы ( 1 бірлік )  C-R-4  санаты  №03-2-3 

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.Аудан бойынша салык төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару.Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау.Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру.Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық және  құқықтық жоғары білім.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                                                "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;                                                                                                                                                                                           Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс үшін – ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы рет жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде) 21.07.2016 ж - 25.07.2016 қоса алғанда.

мына мекен жайы бойынша: индекс 041400, Алматы  облысы, Райымбек  ауданы, Кеген  селосы, Б. Момышұлы көшесі,19, анықтама телефоны: (8-72777) 2-22-84, факс 2-12-28, электрондық мекен-жайы: R.Ashirbaeva@kgd.gov.kz, Rashirbaeva@taxalmaty.mgd.kz 

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын Raimbek @taxalmaty.mgd.kz, Rashirbaeva@taxalmaty.mgd.kz адреске ұсына алады.

Іріктеуге қатысу үшін:

а) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде);

б) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта және  «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түп нұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  бұрын кешіктірілмей береді.  

 

  

Құжаттар қабылдау күні:

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________
(мемлекеттік орган)  

Өтініш

      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                                             _______________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.